«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Шығыс Қазақстан облысының  қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттің атқарылуы, облыстық коммуналдық меншік және базарларда біржолғы талондарды беру саласындағы  жергілікті мемлекеттiк басқару функцияларын орындауға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.
2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық Қазынашылық органында есеп айырысу шоты  бар.
Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Басқарманың, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің мәселелері бойынша облыс аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
5. Басқарманың құрылымы мен шекті штат санын Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.
6. Басқарманың заңды мекен-жайы:
492024 Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький  көшесі, 65, телетайп: 139124, факс: (7232) 26-51-08, телефондар 26-52-59.
7. Басқарманың толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
8. Басқарманың құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі тұлғасындағы  мемлекет болып  табылады.
Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаттары болып табылады.
9. Басқарманың қызметін қаржыландыру тек қана облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

10. Бюджеттің атқарылуы және облыстық коммуналдық меншік объектілерін басқару және жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру Басқарманың негізгі міндеттері болып табылады.
11. Жүктелген міндеттерге сәйкес Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай фукцияларды жүзеге асырады:
1) Үздіксіз құжаттық есеп жүргізу және мемлекеттік мекемелердің материалдық активтерін есепке алу арқылы бюджеттік операциялар туралы ақша түріндегі ақпараттарды тіркейді және жинақтайды.
2) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарларын әзірлеуге, өз құзыретінің шегінде салалық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз етуге қатысады;
3) бюджетке төлемдерді төлеудің белгіленген мерзімдеріне қарай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына сәйкес түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрастырады және бекітеді;
4) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрастырады  және бекітеді;
5) Басқарма бағдарламалар әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептерді құрастырады;
6) түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерістерін есепке алуды жүргізеді;
7) төлемдердің уақыттылығын және толықтығын қамтамасыз ету үшін алдағы кезеңдегі бюджетке ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін анықтайды;
8) тиісті кезеңде бюджетке ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі жеткіліксіз болған кезде төлемдерді жүргізу үшін қарыз алу арқылы ақша тарту үдерісін ұйымдастырады;
9) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға рұқсаттар береді;
10) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінімдерін қарастырады;
11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған мемлекеттік мекемелердің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) сатудан түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарларын қаражаттардың түсу көздерінің заңдылығына, кірістердің толықтығы мен есептеудің дұрыстығына, қаражаттардың мақсатты бағытталуына, шығыстарды есептеу кезінде үнем режимінің сақталуына келіседі;
12) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне демеушілік және қайырымдылық көмек үшін мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашуға рұқсаттар береді немесе ашылған шоттардың қолданылу мерзімін ұзартады;
13) бюджет қаражаттары мен бюджеттік кредиттердің игерілуіне мониторинг жүргізеді;
14) қаржыландыру жоспарлары жылдық сомаларының ай сайынғы бөлінуін және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына енгізетін өзгерістерінің негізділігін талдайды және  бағалайды;
15) мемлекеттік мекемелердің тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелеріне талдауды жүзеге асырады;
16) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы есептердің негізінде облыстық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына баға береді;
17) облыстық бюджет комиссиясына ағымдағы жылы және алдағы жоспарланып отырған жылы жекелеген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы тағайындауларды қайта қарау қажеттілігі туралы ақпарат жібереді;
18) облыс әкімдігі мен орталық атқарушы органға ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен дамытудың бюджеттік бағдарламалары бойынша, аяғына дейін игерілмеу себептері мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тәсілдері туралы ұсыныстарды көрсете отырып, бюджет қаражаттарының аяғына дейін игерілмеуі туралы ақпарат ұсынады;
19) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған қаржыландырудың жиынтық жоспарлары мен әр айға бөлінген бекітілген іс-шаралардың негізінде облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады;
20) одан әрі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсыну үшін ай сайын облыс бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті құрастырады;
21) ай сайын облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті (бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджет, тіркелген, төленбеген және төленген міндеттемелер) құрастырады және облыс әкімдігіне, облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясына, экономика және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;
22) облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті (түсімдер бойынша талдау есебі, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп, түсіндірме жазба) қосымшаларымен бірге облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыс әкімдігіне, экономика және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;
23) тоқсан сайын облыстық бағдарламалар әкімшілері және қалалар мен аудандардың бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдары ұсынатын есептердің негізінде облыстың бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы есепті құрастырады;
24) облыс әкімдігінің резерві қаражаттарының пайдаланылуы мен бағытталуын есепке алуды жүзеге асырады;
25) республикалық және облыстық бюджеттерден алынған трансферттердің игерілу есебін жүргізеді;
26) бюджеттің атқарылуы бойынша және бюджеттік жоспарлау бойынша орталық  уәкілетті органдар белгілеген басқа да есептерді құрастырады;
27) жергілікті бюджеттердің атқарылуы, коммуналдық меншікті басқару және базарларда біржолғы талондарды беру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
28) өз құзыретінің шегінде жергілікті бюджеттердің атқарылуы, біржолғы  талондардың берілуі жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
29) заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншіктің жиынтық есебін жүзеге асырады;
30) Мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерінің тізілімін жүргізеді;
31) облыстық коммуналдық меншік болып табылатын, мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мемлекеттік үлестері мен акциялардың мемлекеттік пакеттерін басқарады;
32) Басқарма мен мемлекеттік органдар өкілдерінің облыстық коммуналдық меншікке жатқызылған, мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың басқару органдарына қатысуын қамтамасыз етеді;
33) объектілерді (мүліктерді) облыстық коммуналдық меншікке қабылдайды;
34) объектілерді (мүліктерді) коммуналдық меншіктен республикалық меншікке береді;
35) облыстық коммуналдық меншік және оның алдын ала сатыларының объектілерін жекешелендіруді, кейін өтеусіз меншікке берумен бір жылдан астам уақыт пайдаланылмай тұрған облыстық коммуналдық меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімді басқаруға немесе жалға беруді ұйымдастырады және жүргізеді;
36) облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату алдында дайындауды ұйымдастырады;
37) облыстық коммуналдық меншік объектілерін жекешелендірудің түрлері мен әдістерін анықтайды;
38) облыстық коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру бойынша сауда-саттық ұйымдастырады және жүргізеді, сатып алу-сату шарттарын дайындайды және жасасады;
39) облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға беру) беру, сенімді басқаруға, өтеусіз пайдалануға береді және өзге де мәмілелерді жасасады;
40) облыстық коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі қаражаттарды қабылдау-беруді және шығуын келіседі;
41) облыстық мемлекеттік коммуналдық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру, тарату  кезінде бөлу, тарату баланстары мен тапсыру актілерінің жарғыларын (ережелерін) келіседі;
42) белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке берілген мүлікті, соның ішінде белгіленген тәртіппен облыстық коммуналдық меншікке өтеусіз көшкен иесіз қалған мұра, табылған заттар, қараусыз қалған жануарлар, көмбелердің үлестерін есепке алу, сақтау, бағалау және әрі қарай пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
43) облыстық коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығымен бекітілген мүліктің тиімді пайдаланылуын тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
44) облыстық коммуналдық меншік объектілерін, соның ішінде акциялардың мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестерін басқару тиімділігін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
45) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншікке мемлекеттік мониторинг ұйымдастырады және жүргізеді және мониторинг субъектілері мен қатысушыларының іс-қимылдарын үйлестіреді;
46) облыстық коммуналдық меншік объектілерін сатып алу-сату, сенімді басқару, мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарына сәйкес міндеттемелердің орындалуын, өзге шарттардың орындалуын бақылайды, сенімді басқарушыларды олардың шарт міндеттемелерін орындауы мәселесі бойынша тыңдайды;
47) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Басқарманың:

  1. аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінен, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен, аумақтық органдардан, өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан бюджетті атқаруды ұйымдастыру мен коммуналдық меншікті басқару үшін қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
  2. олар бойынша секвестр белгіленіп отырған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтата тұруға;
  3. белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы өтінімдерін қабылдамауға;
  4. облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді иемденуге, пайдалануға және билік етуге;
  5. Басқарма қарамағындағы облыстық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
  6. облыстық коммуналдық меншіктің пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
  7. мемлекеттің қатысуымен облыстық мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
  8. облыстық коммуналдық меншікке жатқызылған, мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарының қызметіне қатысуға және оған мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етуге;
  9. заңнамаға сәйкес облыстық коммуналдық меншік объектілерін  жекешелендіру бойынша сауда-саттық  жүргізуге;
  10. жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға, олар бойынша өзара міндеттемелердің шарттары мен сипатын анықтауға;
  11. сатып алу-сату, мүлікті жалдау (жалға беру), сенімді басқару және басқа шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын тексеруге;
  12. тәуелсіз сарапшылар, аудиторлар мен консультанттардың қызметтерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және жүргізуге;
  13. коммуналдық меншіктегі заң бұзушылық, ұрлаудың анықталған фактілері және оны пайдалануға байланысты өзге де құқық  бұзу бойынша материалдарды тергеу органдарына жіберуге;
  14. жергілікті атқарушы органдардан аудандардың (қалалардың) бекітілген бюджеттері мен олардың атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді алуға;
  15. Қазақстан Республикасының соттарында бюджеттің атқарылуы, облыстық коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша мемлекет мүддесін білдіруге;
  16. Басқармаға заңнамамен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Басқарманың мүлкі

  1. Басқарманың жедел басқару құқығындағы оқшауланған  мүлкі бар. 

Басқарманың мүлкі оған мемлекет берген мүліктер есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны Басқарманың балансында  көрсетілетін басқа мүліктен тұрады.

  1.  Басқарманың  мүлкі облыстық коммуналдық меншікке жатады.
  2.  Басқарманың оған бекітілген мүлікті өз бетімен  иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы  жоқ.
  3.  Басқармаға заңнамада белгіленген жағдайлар мен шекте бекітілген мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
  4.  Басқарманың бекітілген мүлікке құқықтары қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады.
Қызметті ұйымдастыру

18. Басқарманы облыс әкімдігі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басқарады.
Басқарма бастығының облыс әкімдігі белгілеген лимит шегінде орынбасарлары бар,  оларды Басқарма бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
19. Басқарма бастығы Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.
20. Осы  мақсаттарда бастық:

  1. өз орынбасарларының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының  міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
  2. заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
  3. заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеуді және оларға тәртіптік жаза белгілеуді жүзеге асырады;
  4. Басқарма актілеріне қол қояды;
  5. құрылымдық бөлімшелер туралы ереже мен Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын  бекітеді;
  6. мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Басқарманың атынан шығады;
  7. әкімдік бекіткен жалпы сан мен құрылымға сәйкес Басқарманың штат кестесін бекітеді;
  8. қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 

Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.