Семинар туралы

2019 жылдың 27 қарашасында ШҚО қаржы басқармасында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Ж. Н. Манақовтың және Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Р.А. Арыстанбектің қатысуымен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинар өтті. Мемлекеттік қызметшілерге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексінің нормаларын ШҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңестің тәртіптік тәжірибесінен негізгі бұзушылықтардың мысалдарын келтіре отырып түсіндірме берілді.

 

Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Меделханова Назира Меделханқызы
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: n.medelkhanova@akimvko.gov.kz