«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазым орындарына орналасуға өткізілетін жалпы конкурс туралы хабарландыру

 «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 65, 2-қабат, 22-кабинет, анықтама үшін телефон 8 (7232) 26-46-74, факс 8 (7232) 26-51-08, эл.пошта e-mail: I.Sergeyeva@akimvko.gov.kz, «Шығыс Қазақстан облысының  қаржы басқармасы» ММ

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазым бос орындарына жалпы конкурс жариялайды.

1. Инвестициялық жобалар мен кредит беруді есепке алу және есептілік бөлімінің бас маманы, негізгі маманның бала күту бойынша демалысы кезеңінде  (05.11.2021 ж. дейін), санаты Д-О-4 - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 108306 теңгеден  146177 теңгеге дейін, (07-02).

Функционалдық міндеттері: Инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік бағдарламалардың мониторингі, көліктік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша облыс бюджетінің атқарылуы. Инвестициялық жобалар, дамудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша есептілікті әзірлеу. Бөлім жетекшілік ететін басқармалардың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қарастырылған бюджет шығыстарының динамикасын жүйелендіру. Қалалар мен аудандар, облыстық әкімшілердің дамыту бюджетіне бағытталған іс-шаралар бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалардың қаражатты игерілуіне талдау. Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар тиімділігіне бағалау жүргізуде қатысу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Инвестициялық жобалар мен кредит беруді есепке алу және есептілік бөлімінің бас маманы, санаты Д-О-4 - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 108306 теңгеден  146177 теңгеге дейін, (07-04).

Функционалдық міндеттері: Басқарма бөлімі жетекшілік ететін тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шаралар бойынша облыс бюджетінің атқарылу мониторингі. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары мен мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларын тексеру және жетекшілік ететін салалар бойынша оларға өзгерістер енгізу. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын», «2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары бойынша облыстық бағдарламалар әкімшілерінің қаражатын игеруіне талдау. Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар тиімділігіне бағалау жүргізуде қатысу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің бас маманы, негізгі маманның бала күту бойынша демалысы кезеңінде (27.03.2021 ж. дейін), санаты Д-О-4 - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 108306 теңгеден  146177 теңгеге дейін (05-02).

Функционалдық қызметтері: Облыс бюджетінің кіріс бөлігінің атқарылуы бойынша есептілікті әзірлеу. Төлемдерді уақытылы және толық жүргізуді қамтамасыз ету үшін бақылау шотындағы ақшалай қаражаттар қозғалысының ай айынғы мониторингін жүргізу. Облыс бюджетінің кірістер түсімдерінің жиынтық жоспарын әзірлеу, атқару үрдісінде жергілікті бюджеттер мен облыстық бюджеттің ай сайынғы жоспарларына енгізілген өзгерістерді жинау. Кірістер түсімдері және бюджет қаражаттарын игерілуінің күн сайынғы және ай сайынғы мониторингін жүргізу. Салықтар мен төлемдер бөлінісінде облыстық бюджетке және облыс бюджетіне кірістер түсімдерінің динамикасын талдау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. Ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы, негізгі маманның бала күту бойынша демалысы кезеңінде (29.01.2022 ж. дейін), санаты Д-О-4 - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 108306 теңгеден  146177 теңгеге дейін,                  (10-05).

Функционалдық қызметтері: Құқықтық мәселелерді қарастыруда сотта, басқа да органдарда Басқарма мүддесін білдіру. Ішкі нормативтік актілерді құқықтық бағалау. Қолданыстағы заңнаманы насихаттау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру, басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды өткізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары «Құқық» (заңгерлік, құқық қорғау қызметі).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ-не қолма-қол тәртіпте, не почта арқылы, не I.Sergeyeva@akimvko.gov.kz электрондық почта мекен-жайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының  2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы не олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 65, 2 қабат, 22 кабинетке тапсырылуы тиіс.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссия шешімін қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекенжайға жолдауыңызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Н. Назарбаев, даңғылы, 4.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 26-46-74, e-mail: I.Sergeyeva@akimvko.gov.kz

Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Меделханова Назира Меделханқызы
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: n.medelkhanova@akimvko.gov.kz