Шығыс Қазақстан облысының басқарма басшыларына.  Шығыс Қазақстан облысының қала және аудан әкімдеріне

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) атынан 2018 жылдың 27-28 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысында Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Р.Қ. Тюлебаев және Агенттіктің Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры А.Т. Бердалин қызметтік іс-сапарда болуда.

Қызметтік іс-сапар барысында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік  қызметкерлерімен, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерімен және халықпен кездесулер өткізілуде.

Осыған орай, аталған қызметтік іс-сапары бойынша қосымшадағы ақпараттарды Сіз басқаратын мемлекеттік мекеме сайтында жариялауды сұраймыз.

Жарияланған ақпараттың скрин нұсқасын және сілтемесін 2018 жылдың 28 қыркүйегі сағат 17:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменттінің баспасөз қызметінің 298943@mail.ru электрондық мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз.

 Қосымша:         п.

 

Департамент басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ж. Қабдолдақызы

 

Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Меделханова Назира Меделханқызы
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: n.medelkhanova@akimvko.gov.kz