«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының  бос орнына жалпы конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,  М. Горький көшесі, 65,  2-қабат, 22-кабинет,

анықтама үшін телефон  8 (7232) 26-46-74, факс 8 (7232) 26-51-08, эл.пошта I.Sergeyeva@akimvko.gov.kz, «Шығыс Қазақстан облысының  қаржы басқармасы» ММ  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орнына жалпы конкурс жариялайды.

1. Қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің бас маманы (санаты Д-О-4) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282 теңгеден  112430 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері: Облыстық бюджетке түсімдердің ай сайынғы жоспарын әзірлеу. Төлем тапсырыстары бойынша облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді күн сайынғы талдау. Облыстық бюджетке салықтар мен төлемдердің түсімдерінің апта сайынғы мониторингін жүргізу. Орындалмау және асыра орындалу себептерін көрсете отырып, түсімдер көздері бөлінісінде кірістер бойынша облыс бюджетінің атқарылуына ай сайынғы факторлы талдау. Облыстық бюджеттен түскен түсімдерді қайтару (есепке алу) үшін қорытындылар әзірлеу.

Біліктілік талаптары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бөлімінің мамандықтары бойынша жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Әлеуметтік сала мекемелерінің шығыстарын есепке алу және мониторинг бас маманы (санаты Д-О-4), (2019 жылғы 30 маусымға дейін уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282 теңгеден  112430 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері: Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары сәйкестігіне облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, мәдениет, мұрағат және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармаларының ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелерінің жеке қаржыландыру жоспарларын тексеру.  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, мәдениет, мұрағат және құтжаттама, дене шынықтыру және спорт бюджеттік бағдарламалары бөлігінде жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру. Жетекшілік ететін салалардың міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілердің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарастыру, бюджет заңнамасымен белгіленген жағдайларда  міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған деректер негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, мәдениет, мұрағат және құтжаттама, дене шынықтыру және спорт облыстық ұйымдары бюджетінің атқарылуы туралы тоқсан сайынғы талдамалық есебін әзірлеу. Есепті қаржы жылында жетекшілік ететін салалар бойынша түсіндірмелі жазбасы және қосымшалары бар облыс бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, жергілікті атқарушы және өкілдік органдарға ақпарат әзірлеу. Бюджет қаражатының игеруіне мониторинг, жетекшілік ететін салалар ұйымдарының бюджетті атқаруын талдау. Бөлімдегі іс-қағаздарын жүргізу, іс номенклатурасын ресімдеу.

Біліктілік талаптары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бөлімінің мамандықтары бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Бюджеттің атқарылуын талдау және есептілік бөлімі бас маманы санаты Д-О-4) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282 теңгеден  112430 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері: Облыстық бюджеттің, облыстың қалалар мен аудандары бюджеттерінің атқарылуы туралы ай сайынғы, жылдық есептерін қабылдау және тексеру. «Парус-Бюджеттік қаржыландыру», «E-Қаржымин» бағдарламалық өнімдерінде бюджеттің атқарылу жөнінде мәліметтерді қабылдау және өңдеу. 1-27 нысаны бойынша қазынашылық органдарымен ай сайынғы алдын ала тексеру жүргізу бойынша түсіндірме жазбахатымен бюджеттің атқарылуы туралы жиынтық есепті әзірлеу. Облыс бюджеті бойынша түсімдер және қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау. Облыс Әкімінің сайтына беру үшін бюджеттің атқарылуы туралы ақпаратты әзірлеу, аудандар мен қалалар бөлінісіндегі ай сайынғы талдамалық есептерді жасау. Жаңа қаржы жылына субвенциялар сомасын айлық бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер, бюджеттер, облыстық әкімшілер бөлінісіндегі субвенциялар бойынша қаржылық жоспар құру, субвенцияларды қаржыландыруға өкім шығару. Облыс бюджетінің атқарылуы туралы талдамалық есеп жасау. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде талдамалық есеп жасау. Қалалар мен аудандар бюджеттерінің атқарылуына талдау жасау. Бюджеттің атқарылуы бойынша өзге де есептер мен ақпараттар әзірлеу.

4. Ұйымдастыру-құқықтық бөлімі бас маманы санаты Д-О-4) (2019 жылғы 23 ақпанға дейін уақытша, негізгі қызметкердің бала күт демалысы кезеңінде) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282 теңгеден  112430 теңгеге дейін.

Функционалдық қызметтері: «Қазақстан Республикасы Электрондық Үкіметі» дамыту Бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шараларды орындау. Басқарма компьютерлерінің ақпараттық жүйелерінің толық өмірлік циклын қолдау және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау. Локальді желілерге қызмет көрсетуге, бағдарламалық-техникалық кешендерді енгізу және басшылық етуде қатысу. «Шығыс Қазақстан облысының ИАСУР» ақпараттық жүйесіне есептер енгізу, қаржы басқармасы және облыс әкімінің сайт айдарларындағы ақпараттардың уақтылы жаңаруын бақылау. «Парус», «Бюджеттік қаржыландыру», «Бюджеттік үрдістің мониторингі», «Қол қою. Бюджеттік жоспарлау», «Заңгер» мәліметтер базасы, «Lotus Notes» ЭСЭДО бағдарламалық өнімдерімен жұмыс. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын есепке алуды жүргізу және есептілік әзірлеу.

Біліктілік талаптары: «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бөлімінің мамандықтары бойынша (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) Келесі құзыреттердің болуы: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлану, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушылыққа бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау.

2) тиісті  санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі анықтаған тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін білу.

4) Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не болмаса I.Sergeyeva@akimvko.gov.kz электрондық мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тезтікпеге салынған мынадай құжаттарды «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ ұсынады:

1) уәкілетті органмен бекітілген Қағидалардың 2 – қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.бiлiмi туралы құжаттардың және оған қосымшалардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадрлық қызметпен куәландырылған көшiрмесi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

 Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)      еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)      құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)      конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы не олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ (Өскемен қаласы М.Горький көшесі, 65) әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жариялаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ  Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 65, 2-қабат, 22-кабинетіне ұсынылуы қажет.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкiлеттi органға (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі) немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурстық комиссияның шешіміне шағымды ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы (Независимости), 4 мекенжайына  беруге болады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 Анықтама үшін телефон 8 (7232) 26-46-74,  8

 

Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Кайдаров Бауржан Кайдарович
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: b.kaidarov@akimvko.gov.kz