|
|
|
|||
|
|
2009 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы мен 2010 жылға араналған міндеттер 2010 жылғы 15 қаңтарда барлық облыстық мекемелердің басшылары мен барлық деңгейлердің әкімдерінің қатысуымен облыстық әкімдіктің кеңейтілген мәжілісі өтті. 2009 жылғы облыс бюджетінің атқарылу қорытындысы мен 2010 жылға арналған міндеттер жөнінде ШҚО Қаржы басқармасының бастығы А. Құрманғалиев баяндама жасады. Баяндамада аудандар мен қалалар бөлінісіндегі бюджеттің кіріс, шығыс бөліктерінің барлық көрсеткіштері бойынша өткен жылмен салыстырғандағы салыстырмалы талдау, «Жол картасы» шеңберіндегі жобаларды іске асыру бойынша мәселелер, жаңа объектілердің күрделі жұмысы мен құрылысы бойынша, веб-портал арқылы бағалық ұсыныстар бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қатысу үлесі бар мемлекеттік кәсіпорындарда, акционерлік қоғамдарда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде халықаралық қаржылық есептілікті енгізу бойынша мәселелер қарастырылды. Қаржы басқармасының бастығы баяндаманың соңында, нормативтік талаптарды орындау сапалы және уақытылы атқарылудың кепілі, ол үшін жергілікті жерлердегі барлық атқарушы органдардың бірлескен, үйлестірілген жұмысы қажет екендігін баса айтты. Қаржы басқармасы басшысының баяндамасының толық мәтінімен сіздер «баяндамалар және сөз сөйлеулер» айдарынан таныса аласыздар.
|