«ШҚО Қаржы басқармасы» ММ командасы бірінші орын алды

2009 жылдың 13-14 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының қалалар, аудандар, облыстық және аумақтық  басқармалары (департаменттер, комитеттер), әкім аппараттарының мемлекеттік қызметкерлері арасындағы  Х спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті. Осы күндері үстел теннисі мен шағын футбол ойындары өтті, оған «ШҚО Қаржы басқармасы» ММ командасы белсенді қатысты. Осы спорттың екі түрі бойынша облыстық басқармалар топтарының арасында «ШҚО Қаржы басқармасы» ММ командасы бірінші орын алды, ШҚО Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Асқар Байжігітұлы Можанов құттықтады. Жүлделі орын алған командалар диплом және мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл ойындардың басы, әлі алда спорттың қалған түрлеріне қатысу күтіп тұр.