Мемлекеттік сатып алулар бойынша семинар-мәжіліс

2009 жылғы 28 қазанда  қалалық әкімдік ғимаратында қала әкімінің орынбасарымен Өскемен қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік сатып алудың потенциалды жеткізушілерімен бірлескен семинар-мәжілісі өтті.

Күн тәртібінде мемлекеттік сатып алуды бағалық ұсынысты сұрату тәсілімен электронды форматқа ауыстыру қарастырылды. Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына енгізілген өзгертулер жөнінде баяндама тыңдады.

Веб-порталда жұмыс істеудің негізгі кезеңдері туралы, бюджеттік ұйымдардың 1-ГЗ есептеріндегі кемшіліктері, қазақстандық мазмұн және кіші кәсіпкерлік мәселелері бойынша  ШҚО қаржы басқармасы  мемлекеттiк сатып алудың есептiлiгi және мониторингі бөлімінің бастығы А.Ч. Базилов баяндама жасады. Сондай-ақ ол Өскемен қаласы бойынша екінші жарты жылдықта мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемінен электрондық сатып алу үлесінің төмен пайызын айтып өтті және потенциалды жеткізушілерге электрондық сандық қол қоюды алу бойынша жұмыстарды белсендіру бойынша өтініш жасады.