Құрылымы

Ұйымдастыру-құқықтық бөлімі

Нуркасынов Руслан ЖомартовичҰйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы  - НұрқасыновРұсланЖомартұлы

Нұрқасынов Рұслан Жомартұлы 1985 жылғы 25 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, 2007 жылы  академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «салалар жөніндегі сервис» мамандығы бойынша, 2010 жылғы Қазақстан-Америкалық еркін университетін «заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек қызметін 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімінде бас маман лауазымында бастаған. 2009 жылдан  2012 жыл аралығында Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында,  кәсіпкерлік және лицензиялау бөлімінде жетекші, бас мамандар лауазымында, 2012 жылғы қазаннан 2013 жылғы ақпан айына дейін «Теміртау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бастығы лауазымында жұмыс атқарған. 2013 жылғы 25 ақпаннан бастап 2017 жылғы сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы, одан кейін Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс  істеді. 2017 жылғы мамыр айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Функционалдық міндеттері:
Кадрларды ірiктеу және орналастыру, мемлекеттік қызметшілер қызметін жыл сайынғы бағалау және аттестациядан өткізу, бағдарламалық-техникалық кешендерді, желілік ақпараттық технологияларды енгізу және басқару бойынша бөлім жұмысына басшылық жасау. Инфрақұрылым объектілері жағдайларының дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру.

kn    Телефон:8 (7232) 24-41-37
kn    E-mail: rus.nurkasynov@akimvko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 18-05-2017
Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Меделханова Назира Меделханқызы
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: n.medelkhanova@akimvko.gov.kz