Құрылымы

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі

Нуралдина Анар КалияхметовнаБухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы - Нұралдина Анар Қалияхметқызы

Нұралдина Анар Қалияхметқызы 1974 жылғы 11 маусымда Семей облысы Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1995 жылдан 2002 жылға дейін Көкпекті аудандық білім бөлімінің хатшы-машинистінен бастап, кейіннен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі болып қызмет еткен. 2002 -2003 жыл аралығында Ұзынбұлақ орта мектебінің бухгалтері, 2003-2005 жыл аралығында «Шығыс Қазақстан облысы коммуналдық басқармасы» ММ бухгалтерлік есеп және бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған. 2005 жылдан «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ-де басында бас маман қызметінде жүріп, ал 2012 жылғы 12 қарашадан бастап бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Функционалдық міндеттері:
Бөлім жұмысы кешеніне басшылық жасау. Қаржы басқармасы аппаратын ұстауға кредиттер бөлу және қаржыландыру жоспарын әзірлеу. Облыстық бюджетте тұрған мекемені қаржыландыру бойынша банк құжаттарын,  облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есептілікті және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарын тексеру. Қаржы басқармасы бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуге, бюджет қаражаттарының үнемді және тиімді шығындалуына бақылау жасау.<

 

kn   Телефон: 8 (7232) 26-41-60
kn   E-mail:  a.nuraldina@akimvko.gov.kz

Парақтар өзгертілді: 03-05-2017
Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Кайдаров Бауржан Кайдарович
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: b.kaidarov@akimvko.gov.kz