Құрылымы

Мемлекеттік органдар, қорғаныс және құқықтық тәртіп шығыстарын есепке алу және мониторинг бөлімі

Шахметова Әсемгүл Серікқызы Мемлекеттік органдар, қорғаныс және құқықтық тәртіп шығыстарын есепке алу және мониторинг бөлімінің бас шысы - Шахметова Әсемгүл Серікқызы

Шахметова Әсемгүл Серікқызы 1981 жылы 14 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы Большая Владимировка ауылында туған, ұлты –қазақ. 2003 жылы «Экономика және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша М. Әуезов атындағы Семей университетін бітірді. 
Еңбек қызметін 2000 жылдан бастап Халық банкінің Бесқарағай ауданындағы филиалының бухгалтері лауазымынан бастады. 2002 жылдан 2004 жылға дейін «Бесқарағай ауданының қаржы бөлімі» ММ жетекші маманы, 2004 жылдан 2006 жылға дейін Бесқарағай ауданының әкімі аппаратында: бас маман – бухгалтер, бөлім бастығы, 2006 жылдан 2007 жылға дейін «Бесқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығы, 2007 жылдан 2008 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының бас маманы, 2010 жылғы 2011 жылға дейін «Құрылыс басқармасы» ММ бөлім бастығы, «Шығыс Қазақстан облысының экономика бөлімі» ММ бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының мемлекеттік органдар, қорғаныс және құқықтық тәртіп шығыстарын есепке алу және мониторинг бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:
Өкілдікті, атқарушы органдар, қорғаныс, құқықтық тәртіп бойынша бюджеттік үрдіс жөніндегі бөлім жұмысын ұйымдастыру, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есепті, веб-портал арқылы өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ нысанды есептілікті, ай сайын веб-портал арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты қалыптастырады және мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурстар туралы өспелі қорытындымен облыс бойынша ақпаратты әзірлейді. Бюджет бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді дер кезінде және сапалы талдауды қамтамасыз ету. Бюджеттің атқарылуы мәселесі бойынша облыстың мемлекеттік мекемелері қызметіне тексеру жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына қатысу. Қаржы басқармасында ішкі бақылау жүргізу.

kn   Телефон: 8 (7232) 24-29-14
kn   E-mail: a.shakhmetova@akimvko.gov.kz

 

 

Парақтар өзгертілді: 03-05-2017
Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Кайдаров Бауржан Кайдарович
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: b.kaidarov@akimvko.gov.kz