Құрылымы

Инвестициялық жобалар мен кредит беруді есепке алу және есептілік бөлімі

Инвестициялық жобалар мен кредит беруді есепке алу және есептілік бөлімінің басшысы - Шаитов Бакытжан Меирханович

1973 жылы 18 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Приозерный кентінде туды, ұлты қазақ. Білімі жоғары, 1995 жылы «экономика және инфрақұрылымды басқару» мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын бітірді.
Еңбек қызметін Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарындағы қызметтен кейін 1997 жылы Өскемен қаласы бойынша Салық комитетінде салық испекторы, аға салық инспекторы, бас салық инспекторы лазаымдарында жұмыс істеді. 2002 жылы ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметте болды. 2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жиынтық талдау бөлімі бас маманы болып жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында бас маманы лауазымына, ал 2011 жылдан бастап инвестициялық жобалар мен кредит беруді есепке алу және есептілік бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, күрделі құрылыс, жол жүйесін пайдалану, кредит беру және қарыз алу, инвестициялық жобалар, жергілікті атқарушы органының борышын өтеу бойынша облыс бюджетінің атқарылуы жөніндегі бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Жетекшілік ететін бағдарламалар бөлінісінде қалалар мен аудандар бюджеттерінің атқарылуына талдау жасау, жетекшілік ететін облыстық бағдарламалар әкімшілерінің «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының», 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары қаражаттарын игеру. Бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар тиімділігіне бағалау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

kn   Телефон: 8 (7232) 24-53-85
kn    E-mail:   b.shaitov@akimvko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 03-05-2017
Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Меделханова Назира Меделханқызы
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: n.medelkhanova@akimvko.gov.kz