Құрылымы

Әлеуметтік сала мекемелерінің шығыстарын есепке алу және мониторинг бөлімі

Борисова Татьяна Евгеньевна Әлеуметтік сала мекемелерінің шығыстарын есепке алу және мониторинг бөлімінің басшысы, ШҚO қаржы басқармасындағы әдеп жөніндегі уәкіл - Борисова Татьяна Евгеньевна

Борисова Татьяна Евгеньевна 1 қазан 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған, орыс, білімі жоғары, 1987 жылы «қалалық құрылыс» мамандығы бойынша Өскемен құрылыс жол институтын, 1995 жылы «өнеркәсіп бухгалтерлік есебі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының МАРС институтын аяқтады. 
Еңбек қызметін 1987 жылы «Казгипросельхоз» МЖИ инженер лауазымында жұмыс атқарудан бастады. 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасында алдымен әлеуметтік сала мекемелерінің шығыстарын есепке алу және мониторинг бөлімінің жетекші, бас маман қызметінен бастап жұмыс істеп, 2015 жылдың 8 маусым айынан бастап әлеуметтік сала мекемелерінің шығыстарын есепке алу және мониторинг бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Функционалдық міндеттері:

Қаржы басқармасының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен өзінің өкілділік шегінде жұмысын үйлестіру. Әлеуметтік саланың ұйымдары мен іс-шаралары бойынша аудан (облыстық маңызы бар) бюджетінің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жұмысын үйлестіру. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары мен жетекшілік ететін салалардың мемлекеттік мекемелерінің жеке қаржыландыру жоспарларын тексеруді ұйымдастыру, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын құру және бюджет заңнамасымен белгіленген жағдайларда оған өзгерістер енгізу. Бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг, жетекшілік ететін салалар бойынша ұйымдар бюджетінің атқарылуына талдау жасауды ұйымдастыру.

Мемлекеттік қызметшілер мен басқа да азаматтарды қабылдау: олардың өтініштері болған жағдайда, сондай-ақ, кестеге сәйкес жүргізіледі: Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 65, № 42 кабинет мекенжайы бойынша Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының ғимаратында әрбір айдың IV бейсенбісінде жұмыс күні бойы.

kn   Телефон: 8 (7232) 24-46-31
kn    E-mail:   t.borissova@akimvko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 03-05-2017
Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Меделханова Назира Меделханқызы
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: n.medelkhanova@akimvko.gov.kz