Құрылымы

Басшының орынбасары

Ахметнабиева Меруерт ЖумабековнаБасқарма басшысының орынбасары - Ахметнабиева Меруерт Жұмабекқызы

Ахметнабиева Меруерт Жұмабекқызы 3 мамыр 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жұлдыз ауылында туған, қазақ, білімі жоғары, 2005 жылы «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Д. Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетін аяқтады.
Еңбек қызметін 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюжеттік жоспарлау басқармасында жетекші, бас маман болып жұмыс атқарған. 2009 жылдан 2012 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бас инспектор болып жұмыс істеген. 2013 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында бас маман болып істеді, ал 2016 жылдың 1 маусымынан 24 шілде аралығында бюджеттің атқарылуын талдау және есептілік бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды, 2016 жылдың 25 шілдесінен басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:
Қаржы басқарманың бюджетті атқару мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің облыстық бюджетті атқару үрдісін үйлестіру және бақылау жасауды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін: бюджеттің атқарылуын талдау және есептілік, инвестициялық жобалар мен кредит беруді есепке алу және есептілік, қолма-қол ақшаны басқару бөлімдеріне басшылық жасау. Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Облыстық мәслихат сессиясына, облыс әкімдігінің алқасына материалдарды, Қазақстан Республикасының орталық органына, атқарушы және  өкілдікті органдарына ұсыну үшін қажетті ақпаратты әзірлеу және жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру. Жетекшілік ететін бөлімдердің атқарушылық тәрітіп жағдайына бақылау жасау.

kn    Азаматтарды қабылдау уақыты: апта сайын әрбір бейсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
kn    Телефон: 8 (7232) 24-94-07
kn    E-mail:    M.Akhmetnabiyeva@akimvko.gov.kz


Парақтар өзгертілді: 03-05-2017
Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Кайдаров Бауржан Кайдарович
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: b.kaidarov@akimvko.gov.kz