Құрылымы

Басқарма басшысының орынбасары

Пахомова Галина ВениаминовнаБасқарма басшысының орынбасары - Пахомова Галина Вениаминовна 

Пахомова Галина Вениаминовна 1966 жылы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында туды. Білімі жоғары, ұлты орыс, 1987 жылы «орыл тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Өскемен педагогикалық институтын, 2003 жылы «қаржы және несие» мамандағы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді.
Еңбек қызметін институт бітіргеннен кейін Өскемен қаласының № 3 орта мектебінде мұғалімі болып бастады. 1988-1993 жылдары Өскемен қаласының  № 34 орта мектебі мұғалімі болып жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында аға экономисі-жетекші маман, бас маман лауазымдарда, одан кейін әлеуметтік сала мекемелерінің шығыстарын есепке алу және мониторинг бөлімінің басшысы, ал 2015 жылдың 5 мамыр айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:
Қаржы басқарманың бюджетті атқару мәселелері бойынша қызметін жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің облыстық бюджетті атқару үрдісіне бақылау жасайды және үйлестіреді. Басқарма жетекшілік ететін: әлеуметтік сала мекемелерінің шығыстарын есепке алу және мониторинг, қорғаныс және құқықтық тәртіп шығыстарын есепке алу және мониторинг, бухгалтерлік есеп және есептілік, ұйымдастыру-құқықтық бөлімдеріне басшылық жасайды. Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Облыстық мәслихат сессиясына, облыс әкімдігінің алқасына материалдарды, Қазақстан Республикасының орталық органына, атқарушы және  өкілдікті органдарына ұсыну үшін қажетті ақпаратты әзірлеу және жинақтау жұмыстарын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін бөлімдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады. Басқарма басшысы болмаған уақытта оның лауазымдық міндеттерін атқарады және қаржы басқармасының қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады. Әкімшілік мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның, тәртіптік комиссияның төрағасы болып табылады.   

kn   Азаматтарды қабылдау уақыты: апта сайын әрбір сәрсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
kn   Телефон: 8 (7232) 26-67-791
kn   E-mail:    g.pakhomova@akimvko.gov.kz


Парақтар өзгертілді: 03-05-2017
Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Кайдаров Бауржан Кайдарович
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: b.kaidarov@akimvko.gov.kz