Құрылымы

Ерембесов Кайрат Шаймардановичkn  Қаржы басқармасының басшысы - Ерембесов Кайрат Шаймарданович

Ерембесов Кайрат Шаймарданович 1975 жылы 7 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданының Раздольное селосында дүниеге келген, ұлты -қазақ, білімі – жоғары. 1997 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Экономика және көлікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Шығыс Қазақстан облыстық  мал дәрігерлік бақылау басқармасының қаржыландыру секторы меңгерушісі- бас есепші лауазымында жұмыс атқарған. 2001 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық басқару комитеті басқармасында  бас тексеруші-ревизор, 2004  жыл мен 2005 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының  энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасында бас маман, 2005 жылдан 2009 жылға дейін экономика басқармасында бас маман, бөлім басшысы, 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының  орынбасары, 2009 жыл мен 2010 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2010 жылы Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрлігінің аймақтық саясат және бюджет аралық қатынастар департаментінің аймақтық саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2010 жылдан 2015 жылға дейін Зырян ауданы әкімі аппаратының басшысы, орынбасары, 2015 жыл мен 2019 жыл аралығында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.  
2019 жылдың 4 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды.

Функционалдық міндеттері:

Облыс бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету және бюджеттік мониторингті жүзеге асыру бойынша Басқарма жұмысын ұйымдастырады.
Бюджетті атқару бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді.
Бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік есептілікті қалыптастыру және ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. 
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаттарын басқару жөніндегі  қызметінің тиімділігін бағалауды жыл сайын өткізуді ұйымдастырады.
Облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша талаптарды тiркеудi және есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Облыстың жергiлiктi атқарушы органының шұғыл шығындарға арналған резервтерiнде көзделген қаражаттар шегінде ақша бөлу мүмкіндігі  туралы қорытындыны дайындау, соттар шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау,  аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын  жабу және  облыстың жергiлiктi атқарушы органына жергілікті атқарушы орган резервінің ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдықтары туралы ақпаратты ай сайын ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдау.
Ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Азаматтарды қабылдау: әр сейсенбі сайын сағат 16-00-ден 18-00-ге дейін.
Телефон: қабылдау бөлімі 8 (7232)26-52-59
E-mail: ka.erembesov@akimvko.gov.kz

kn Функционалдық міндеттері:

Облыс бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету және бюджеттік мониторингті жүзеге асыру бойынша Басқарма жұмысын ұйымдастырады.
Бюджетті атқару бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді.
Бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік есептілікті қалыптастыру және ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. 
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаттарын басқару жөніндегі  қызметінің тиімділігін бағалауды жыл сайын өткізуді ұйымдастырады.
Облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша талаптарды тiркеудi және есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Облыстың жергiлiктi атқарушы органының шұғыл шығындарға арналған резервтерiнде көзделген қаражаттар шегінде ақша бөлу мүмкіндігі  туралы қорытындыны дайындау, соттар шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау,  аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын  жабу және  облыстың жергiлiктi атқарушы органына жергілікті атқарушы орган резервінің ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдықтары туралы ақпаратты ай сайын ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдау.
Ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

kn  Басшының блогы

2019 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі

Мемлекеттік  органның атауы Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның Т.А.Ж. Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның лауазымы Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты Мемлекеттік органның орналасқан жері Байланыс телефоны
Шығыс Қазақстан
облысының  қаржы
басқармасы
К.Ш. Ерембесов Басқарма басшысы

апта сайын әр сейсенбіде 
сағ.16 дан 18 ге дейін

М.Горький көшесі, 65 26-52-59
Шығыс Қазақстан
облысының  қаржы
басқармасы
М.Ж. Ахметнабиева Басқарма басшысының орынбасары

апта сайын әр бейсенбіде 
сағ.16 дан 18 ге дейін

М.Горький көшесі, 65

26-64-83

kn Азаматтарды қабылдау: әр сейсенбі сайын сағат 16-00-ден 18-00-ге дейін.
kn Телефон: қабылдау бөлімі 8 (7232)26-52-59

Парақтар өзгертілді: 05-02-2019
Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Меделханова Назира Меделханқызы
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: n.medelkhanova@akimvko.gov.kz