Тарихи анықтама

Өскемен қаласында қаржы органдары 1919 жылғы желтоқсан айының соңына таман ұйымдастырыла бастаған. 1920 жылы жұмысшылар, шаруалар және қызыл армия депутаттары Кеңесінің атқарушы комиетіне бағынатын алғашқы Өскемен уездік қаржы бөлімі құрылған. Уездік қаржы бөлімінің жауапты тұлғалары мен жұмысшыларын тағайындау 1919 жылғы 31 желтоқсанда жүргізілген. Өскемен уездік революция комитетінің № 3 бұйрығымен қаржы бөлімінің бірінші меңгерушісі болып Павлов Вадим Иванович тағайындалған.

Салық аумағының кеңеюі, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы қаржы инспекторларының учаскелерін қайта аудандауға әкеліп соқты. Осылайша 1923 жылы Өскемен уезінде 6 қаржы ауданы пайда болды. Біріншісінің құрамына Предгорненская  және Краснооктябрьская болыстары кірді, инспектор резиденциясы Верхне-Убинское ауылында орналасты. Екінші ауданның құрамына қаржы инспекторының резиденциясы  Риддер ауылында орналасқан Тарханская және Риддерская болыстары кірді. Келесі ауданға инспектор резиденциясы Усть-Бухтарминское ауылында орналасқан кеңес болысы кірді. Төртіншісіне инспектор резиденциясы Ново-Устькаменогорское ауылында орналасқан Ленинская, Менделеевская, Уланская және Пролетарская болыстары кірді. Бесінші ауданның құрамына инспектор резиденциясы Георгиевское ауылында орналасқан Свердловское, Чарское, Колбинское болыстары, алтыншы ауданның құрамына инспектор резиденциясы Мечеть ауылында орналасқан Буконь болысы кірді. Сонымен қатар  Өскемен қаласының аумағы Ленин көшесі арқылы Оңтүстік-Батыстан Солтүстік –Шығысқа қарай 2 учаскеге бөлінген.

1924 жылы уездік қаржы бөлімінің қызметі кеңейді, КСРО ХКК 1923 жылғы 11 қарашадағы қаулысын орындау үшін Семей губерниялық қаржы бөлімінің 1924 жылғы 26 қаңтардағы № 255 бұйрығына сәйкес Упродкомның салық бөлімі мен уездік қаржы бөлімінің қосылу есебінен оның құрамына қосымша салық бөлімі мен ауылшаруашылы бөлімінің бөлімшесі кірді. 1920-23 жылдары мемлекеттік мүліктік сақтандыру халық шаруашылығын қалпына келтірудің бір әдісі болып  табылуына байланысты қаржы бөлімінің штатына мемлекеттік сақтандыру агенттері кірді.

1926 жылдан 1928 жылға дейін уездік қаржы бөлімі өзінің негізгі қызметін кіріс-шығыс кассалары арқылы есеп жүргізу бойынша атқарды. 1928 жылы бұл кассалардың негізгі қызметтерін қаржы халық комиссариатының қазынашылық бөлімдеріне берілді, уездік қаржы бөлімі өзінің жұмысында негізгі директивалық нұсқау – 1926 жылғы 16 маусымда  РКФСР орталық атқарушы органы бекіткен РКФСР жергілікті қаржылары туралы ережені басшылыққа алды.
Аудандауға байланысты 1928 жылы Өскемен уезі Семей округінің Өскемен, Риддер, Уба, Жарма, Ұлан, Шар аудандарына бөлінді.

Уездік қаржы бөлімінің орнына Өскемен қаласында Семей округі жұмысшылар, шаруалар және қызыл армия депутаттарының кеңесі атқарушы органының Өскемен қаржы бөлімі құрылды.
1939 жылы көптеген өзгерістер болды: Өскемен ауданы Киров ауданы болып қайта аталуына байланысты Өскемен қаржы бөлімі Киров қаржы бөлімі болып атала басталды, кейіннен ол 1963 жылғы ақпан айында таратылды.

1939 жылы Қазақ КСР-і Жоғары Кеңес Президиумының Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұйымдастыру комитетінің қаулысымен ШҚ облыстық халық депутаттары кеңесінің атқарушы комитетіне бағынатын ШҚ облыстық қаржы бөлімі құрылды. Меңгерушісі болып Парманов бекітілді.

1963 жылы облыстық атқару комитеті ауылдық және өнеркәсіптік болып екіге бөлінуіне байланысты облыстық қаржы бөлімі өнеркәсіптік және ауылдық облыстық атқарушы комитетіне бағынды. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесі Президиумының 1964 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлығымен өнеркәсіптік және ауылдық облыстық атқарушы комитеттері таратылып, бірыңғай облыстық кеңестің атқарушы органы құрылды. Қаржы бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің атқарушы органына бағына бастады.

«О дальнейших мерах по совершенствованию административно-территориального устройства Республики Казахстан» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 шілдедегі Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан және Семей облыстары Шығыс Қазақстан облысына біріктірілді. Сонымен бірге біріккен облыстың аудандары мен қалаларын ішінара тарату және ірілендіру жүргізілді. Екі облысты қосу кезінде 28 аудан мен қалалар болса, қайта ұйымдастырудан кейін дербес бюджеттердің саны 19 болды.

«Облыстың мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 18 қаулысына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі қосылу жолымен «Шығыс Қазақстан облысының қаржы департаменті» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды.

«Шығыс Қазақстан облысының қаржы департаменті» мемлекеттік мекемесі «Шығыс Қазқстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 сәуірдегі № 568 қаулысы негізінде «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

 

Парақтар өзгертілді: 03-05-2017
Мекен-жайы:
070004, Өскемен қ
М.Горький көшесі, 65
Телефoн: +7 (7232) 26 52 59
Факс: +7 (7232) 26 51 08,
Email: oblfin@akimvko.gov.kz
Сайттың әкімшісі:
Кайдаров Бауржан Кайдарович
телефон:+7 (7232) 24-16-93,
E-mail: b.kaidarov@akimvko.gov.kz