|
|
|
|||
|
|
Баяндамалары, сөздерi «2008 жылдың бірінші жарты жылдығында облыс бюджетінің атқарылуы мен республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің игерілуі туралы» ШҚО Қаржы басқармасының бастығы А.А. Құрманғалиевтің баяндамасы Құрметті Әділғазы Садуақасұлы! Алдыңғы баяндамада көрсетілгендей бірінші жартыжылдықта облыс бюджетіне меншік кірістер түсімінің болжамы 101,1%-ға орындалды. Өскемен қаласынан басқа барлық аудандар мен қалаларда кірістер бойынша белгіленген жоспар асыра орындалды. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда меншікті кірістер түсімі 682,8 млн. теңгеге азайған. Әлеуметтік салық, әкімшілік айыппұлдар, азаматтарға пәтерлер мен жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер өсімінің қарқыны төмендеген. Бекітілген кірістер жоспары Өскемен, Курчатов қалалары мен Аягөз ауданы бойынша орындалған жоқ. Жалпы алғанда қаражаттар 93,4%-ға игерілді, мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы игерілмеген қалдықтар 3,8 млрд.теңгені құрады, ол өткен кезеңмен салыстырғанда 41%-ға төмен (2007 жылдың 1 шілдесінде игерілмеген қаражаттар 6,6 млрд.теңге болған). Бюджет қаражаттарын игеру бойынша үнемі мониторинг жүргізіліп, бюджет заңнамасы шеңберінде бағдарламалар әкімшілерімен іс-шаралар мен шығындар ерекшеліктері бөлінісіндегі қаржыландыру жоспарларын өзгерту мәселесі қаралып отырады. Бұл бюджеттік ұйымдарды ұстауға бекітілген шығыстардың ойдағыдай игерілуіне мүмкіндік берді (қалалар мен аудандар бойынша облыстың ағымдағы бюджетінің игерілуі 98,5%-ды құрады). Білім беру саласында бес кәсіптік лицей бойынша жабдықтар сатып алуға, күрделі жөндеу жүргізуге арналған қаражаттар ақпан-наурыз айларына жоспарланған, ал конкурстар мамыр-маусым айларында өткізілді. Бөлінген қаражаттар үш айдан артық қозғалыссыз жатқан. Сонымен қатар, үш ай бойы денсаулық сақтау объектілерін қайта ұйымдастыру жөніндегі облыс әкімінің қаулысын орындауда денсаулық сақтау мекемелері басшыларының ұйымдастырылмаған жұмыстары мен басқарма тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан Зырян, Зайсан, Күршім, Шемонаиха аудандары мен Семей және Өскемен қалаларында жұмыс аяғына дейін атқарылмаған, осының салдарынан мемлекеттік тапсырыс орындалмай, сәйкесінше шоттарда қалдықтардың пайда болуына әкеп соқты. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеу бойынша шаралар қабылданбаған, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап туристік қызмет бойынша іс-шараларға арналған қаражаттар игермей келеді. Мысалы, Аягөз ауданындасметаны қайта есептеуге байланысты Қосағаш-Мәдениет-Бидайық, Тарбағатай ауылдары мен Аягөз қаласындағы су құбырларының желілерін қайта жаңғыртуға арналған 87,4 млн.теңге сомасындағы республикалық бюджет қаражаттары игерілмеген; Айғыз ауылындағы объект бойынша төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары құрылыс-монтаж жұмыстарының жоспарына сәйкес келмейді. Конкурстық рәсімдерді жүргізу, қорытындылар шығару және құжаттарды ресімдеудің мерзімдерінің ұзақтығынан Сарыарқа ауылындағы бас тоғанды су құбырын қайта жаңғырту бойынша 8,1 млн.теңге қаражат игерілмей қалды. Бородулиха ауданында конкурстардың кеш ұйымдастырылуына байланысты (ағымдағы жылдың 26 маусымы) Дмитриевка, Коростели ауылдарындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғыртуға арналған 25,0 млн. теңге республикалық бюджет қаражаттары, жұмыс кестесінен қалыс қалуға байланысты Бородулиха ауылындағы төрт пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы бойынша 11,8 млн. теңге игерілген жоқ, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және көше жарығын монтаждау, елді мекендерді көркейту бойынша 4,3 млн. теңге сомасындағы міндеттемелер орындалмаған. Курчатов қаласындағы тұрғын үйді қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер игерілген жоқ, сондай-ақ нөсер кәрізінің құрылысы басталған жоқ, игерілмеудің жалпы сомасы 30,2 млн. теңгені құрады. Риддер қаласында сумен жабдықтаудың екі объектісі бойынша мемлекеттік сараптаманың жоқтығы және сметалық бағаны қайта есептеуге байланысты, жұмыстарды атқару кестесіне сәйкес келмеуінен жатақхана ғимаратын тұрғын үй етіп қайта жаңғырту бойынша 53,7 млн.теңге игерілмеген. Сонымен қатар, өндірістік кәріздік желілерді қайта жаңғыртуға арналған жұмыстар кестесінің орындалмауынан 12,8 млн.теңге қалдық қалды. Семей қаласында республикалық бюджет алынған трансферттер мен кредиттердің игерілмеген жалпы сомасы – 662,6 млн. теңге, ол қала шығыстарының айлық көлемінің 57,6%-ын құрайды. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайлыландыруға арналған техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманың жоқтығынан конкурстық рәсімдер өткізілген жоқ, осыған байланысты республикалық бюджеттен түскен 312,3 млн.теңге игерілмей қалды. Сондай-ақ, қол жетімді ипотекалық тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген кредиттердің 269,7 млн.теңгесі игерілмеген. Коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша игерілу қарқыны өте төмен, қалдықтар 80,6 млн.теңгені құрады. Өскемен қаласында конкурстық рәсімдердің кеш ұйымдастырылуына, жобалау-сметалық құжаттаманы түзету бойынша мәселелердің ұзақ шешілуіне байланысты ипотекалық кредиттік тұрғын үй құрылысына (қалдық 145 млн.теңгеден артық) бөлінген қаражаттар игерілуі қанағаттанғысыз, Комендантка өзенінің сағасын түбін тазалай отырып жайлыландыру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы бойынша міндеттемелердің орындалмауынан 147,0 млн.теңге игерілген жоқ. Өскемен қаласындағы 1000 орынды мемлекеттік тілде оқыту мектебі мен Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы бойынша өткізілген конкурстардың қорытындыларын шығару мерзімдерінің ұзақтығынан 56,0 млн.теңге игерілген жоқ; жеті объект бойынша қаржыландыру жоспарының мемлекеттік комиссияның объектілерді қабылдау кестесіне сәйкес келмеуінен 40,0 млн.теңгедан артық қалдықтар қалды, техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімдерінің ұзақтығынан, мемлекеттік сараптаманың болмауынан және жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізілуіне байланысты Өскемен және Семей қалаларындағы тазалау құрылғыларын дамыту бойынша 93,6 млн.теңге игерілген жоқ. Сонымен қатар құрылыс басқармасында Глубокое ауданының Белоусовка кентіндегі, Зырян ауданы Серебрянск қаласындағы және Көкпекті ауданының Самар ауылындағы тазарту имараттарын қайта жаңғырту жұмыстары мен Тарбағатай ауданының Тұғыл кентіндегі, Шемонаиха ауданының Первомайка кенті, Зайсан қаласындағы желілер мен тазарту имараттарын, Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін кәріздік дюкерді қайта жаңғыртуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Конкурстың тамыз айына жариялануына байланысты Өскемен қаласының тазарту имараттарын дамытуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге қарастырылған қаражаттар игерілмей қалды. Жұмыстың жеткілікті атқарылмауы және тиісті бақылаудың болмауынан 1,5 млрд.теңге республикалық бюджеттен түскен нысаналы трансферттер мен кредиттер және 2,3 млрд. теңге жергілікті бюджет қаражаттары игерілмей қалды. Аягөз (88,4%), Бородулиха (91,1%) аудандары мен Курчатов (84,8%), Семей (86,4%), Риддер (90,3%) және Өскемен (91,1%) қалаларында, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларында қаржыландыру жоспарларының орындалуы облыстық орташа деңгейден төмен болып отыр. Жарты жыл өтсе де техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптаманың жоқтығынан 7,0 млрд. теңгеден артық сомадаға құрылыс пен қайта жаңғырту бойынша 57 жобаны іске асыру әлі басталған жоқ. Құрметті әріптестер, осы туындаған жағдайды шешу үшін бірінші кезекте конкурстарды өткізуге қатысты материалдарды, конкурстар бойынша хабарландыруларды ВЕБ-сайтқа орналастыру мерзімдеріне, қорытындыларды жеделдетуде дер кезінде әрекет жасау бойынша орындаушылардың жауапкершілігін арттыру қажет (қысқа мерзімде орындауға болатын болса неге заңнама бойынша 10 күнді тосу керек), әр объект бойынша (аудандық деңгейде олар аз) жағдайды қарастырып, шаралар қабылдауға уақыт табу керек, 1 кыркүйекке дейін барлық конкурстық рәсімдер аяқталсын. Құрметті Әділғазы Садуақасұлы! Біздің ойымызша мониторингтің енді бір түрін, яғни шарттық міндеттемелер мен жұмыстардың орындалу кестелерін қорытындыларды қарастыра отырып іске асыруды енгізу қажет деп ойлаймыз, әрине, бұл қосымша адам ресурстарын талап етеді, дегенмен де ол қызметкерлердің жауапкершілігі мен жеткізушілердің тәртіптілігін арттыру тетігі болып табылады. Назарларыңызға рахмет!
|